Педагогикалық кеңес ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1.1. Педагогикалық кеңес Ережесі колледж мұғалімдерінің әріптестік өзіндік басқару органы ретінде кеңестің жұмыс істеу тәртібін анықтайды; бұл құжат Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» сәйкес және ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 24 қазан 2007 жылғы № 506 жарғысымен бекітілген техникалық және кәсіби білім алу мекемелерінің педагогикалық кеңестерінің жалпы ережелеріне, орта білім мекемелерінің ережелеріне сәйкес құрастырылған.

  1. Педагогикалық кеңестің мақсаттары

2.1. Педагогикалық кеңестің мақсаттары:

–  коллледждегі сабақ беру мен тәрбие жұмысынның қалпын тексеру, мұғалімдердің біліктілігінің деңгейін, оқушылардың білімділігін, тәрбие мен даму дәрежесін қадағалау;

–  колледж дамуына арналған күрделі-мақсаттық жобалар жасау, әрбір мұғалімнің және өндірістік оқыту шеберінің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығын дамыту жұмыстары;

–  жұмыс нарығының сұраныстарына сәйкес мамандарды дайындаудың сапасын тұрақты түрде дамыту үшін бүкіл ұжымның жұмысын біріктіріп, оқыту мен тәрбиелеу жұмысының сапалылығын жаңғырту:

–  оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелілігін және өнімділігін бақылаудың формалары мен әдістерін жақсарту.

  1. Педагогикалық кеңестің құрамы

3.1. Колледждің Педагогикалық кеңесінің құрамына басқарушы топ, соның ішінде, барлық құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мұғалімдер мен көмекші қызметкерлер кіреді.

3.2. Педагогикалық кеңес төрағасы ретінде колледж директоры жұмыс атқарады.

3.3. Педагогикалық кеңестің төрағасы жалпы басқарма жұмысын жүргізеді, жиындарды басқарып, абылданған шешімдерді бекітеді. Педагогикалық кеңесінің мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру жолымен хатшы сайланады.

  1. Педагогикалық кеңестің құқықтары

4.1. Педагогикалық кеңес қарастыратын мәселелер:

Білім беру саласындағы құқықтық нормалардың, педагогикалық кеңестің өткен отырыстары кезінде қаьбылданған шешімдердің орындалуы;

Колледждің жұмысы мен дамуын ұйымдастыру барысындағы мекеменің ішкі нормтивтік актілері;

Колледж ішіндегі сабақ беру мен тәрбиелеу жұмысының және әдістемелік жұмыстардың жағдайы;

Бөлімшелердің, кафедралардың және басқа көмекші бөлімдердің жұмыс барысы;

Колледжде және негізгі құрылымдық бөлімшелерде сабақ беру мен тәрбиелеу жұмысының жоспарлануы.

Оқыту жұмысын жабдықтау мәселелері, оқушыларға өндірістік практикасын өтү, түлектерді шығару мен оларды жұмыспен қамту сұрақтары;

Мамандарды дайындау жұмысының сапасы, қызметкерлерді сақтау мәселелері;

Оқушыларды толықтай ақылы топтардан бюджеттік негізде оқытатын топтарға ауыстыру мәселелері.

  1. Педагогикалық кеңестің жұмыс істеу тәртібі

5.1. Педагогикалық кеңестің жұмыс тәртібі жыл бойынша атқарылатын жоспар бойынша атқарылады. Оны педжагогикалық кеңесінде қарастырып, колледж директоры бекітеді.

5.2. Педагогикалық кеңестің отырыстары жылына 3 рет өткізіледі: жылдың басында, 1-семестр аяқталған кезде және оқу жылының соңында. Педагогикалық кеңестің отырыстарында талқыланған мәселер бойынша шешімдер қабылданып, сол шешімдерді орындау уақыты мен жауапты адамдар көрсетіледі.

5.3. Педагогикалық кеңестің шешімдері өарапайым дауыс беру арқылы қабылданады; қабылданған шешімдер колледж директоры бекіткеннен кейін күшіне енеді.

5.4. Педагогикалық кеңестің төрағасы қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі түрде тексеріп отырады, ал тексерістердің нәтижесі бойынша пайда болатын сұрақтарды кезекті педагогикалық кеңестің отырысында көтереді.

5.5. Педагогикалық кеңестің әр мүшесі кеңес отырыстарына қатысуға міндетті, кеңес жұмысында белсенділік танытып, өзіне артылған тапсырмаларды уақытында және нақтылы орындау керек.

5.6. Педагогикалық кеңестің отырыстары бойынша хаттамалар толтырылады. Хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды. Әр хаттамада өзінің бірегей номері, отырыс күні, отырысқа қатысқан мүшелер саны және көтерілген мәселелер жазылады. Айтылған тақырыптар бойынша қысқаша жазбалар жасалынып, талқыланған сұрақтар бойынша қабылданған шешімдер жазылады. Айтылған сөздердің мәтіні қосалқы парақта беріледі.

5.7. Педагогикалық кеңестің хаттамалары методикалық бөлменің номенклатурасында 5 жыл бойы сақталады.