Біз Сіздерді біздің сайтқа қош келулеріңізбен қарсы аламыз! Сіздерге біздің колледжбен жақсылап танысып шығуды ұсынамыз.

«Қазақстан-Ресей медициналық колледжі» 2005 жылы ашылған біздің еліміздегі жетекші мемлекеттік емес колледждің бірі болып табылады. 2012 жылы біздің колледж мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті және мемлекеттік үлгідегі дипломдар береді, ал 2017 жылы аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінде (АРТА, 02.05.2017ж. куәлік №AА 0252, 5 жылға жарамды) аккредиттелді. Біздің колледж «Қазақстан Республикасы медициналық колледждер одағы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

Колледж өзінің жұмыс істеген жылдар ішінде Қазақстан Республикасының практикалық денсаулық сақтау саласында табысты жұмыс істейтін 600-ден астам мамандарды дайындап шығарды. Біз өзіміздің бітірушілердің жұмысқа орналасу жағдайын мұқият қадағалап отырамыз, яғни ҚРМК бітірушілерінің соңғы 5 жылдағы жұмысқа орналасу көрсеткіші 53% бастап 73% дейін ұлғайды, демек бұл орта медициналық білімді мамандар еңбек нарығында жоғары талап етіледі дегенді білдіреді.

Сіз неліктен дәл біздің колледжді таңдауға тиіссіз?

  1. Біз оқуда қазіргі технологияларды пайдаланамыз.
  2. Бізде кәсіби құзыретті педагогтар жұмыс істейді.
  3. Бізің колледжде оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, жақында ағылшын тілінде ішінара оқыту пәнімен көптілділік тобын енгізу жоспарланып отыр.
  4. Біздің колледж ресми аккредиттелген және мемлекеттік үлгідегі диплом береді.
  5. Біз оқуға әртүрлі жеңілдіктер береміз, осы мақсат үшін біздің колледжде жеңілдіктер беру жөніндегі әлеуметтік комиссия жұмыс істейді.
  6. Біздің колледж студенттерінің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша шетелге шығу мүмкіндігі бар.
  7. Біз шетелдік оқытушыларды шақырамыз.
  8. Бізде абитуриенттер үшін тегін дайындық курстары өткізіледі.
  9. Біздің колледжде ынтымақты көпұлттық ахуал қалыптасқан.
  10. Біз қаланың ең орталығындамыз.
  11. Біз бітірушілердің жұмысқа орналасуына көмектесеміз.
  12. Біз медициналық кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша халықаралық әріптестермен бірге қызмет жасаймыз.
  13. Біз Қазақстан-Ресей медициналық университетімен біріккенбіз, университеттің бай материалдық-техникалық базасын және оның тәжірибесін пайдалана аламыз.
  14. Біздің колледж біздің студенттердің оқу практикасынан өтуі үшін негізгі мемлекеттік ауруханалармен және клиникалық базалармен бірге қызмет жасайды.
  15. Біздің колледжде белсенді студенттік өмір, әртүрлі конкурстар, шаралар мен концерттер өткізіледі.

Оқу мекемесіндегі әрбір өзін құрметтеушінің өзінің миссиясы мен мақсаты бар, оларға жету үшін ұжым күш салады және қажырлы еңбек жұмсайды.

«Қазақстан-Ресей медициналық колледжінің» миссиясы – Қазақстан Республикасының халқына әлеуметтік қызметтің жоғары сапасын қамтамасыз ететін әлеуметтік саланың бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау.

«Қазақстан-Ресей медициналық колледжінің» стратегиялық мақсаты – оңтайлы жағдайды дамыту мен жетілдіру жолымен жоғары білікті және талап етілетін медициналық білім кадрларын дайындау.

Біз өзімізді қалай көрсетеміз:

  1. Қазақстан-Ресей медициналық колледжі – мемлекеттік емес медициналық колледждер арасында көшбасшы.
  2. Республиканың және шетелдің әріптес-колледждерімен табысты ынтымақтастықта жұмыс істейтін әлеуметтік-жауапты медициналық колледж.
  3. Тарихы мен дәстүрі бар, техникалық және кәсіптік медициналық білім беру бітірушілерінің арасында жоғары мәдениет пен құндылықтарға айнымастық қалыптасқан медициналық колледж.

Біз студенттердің елдің жетекші клиникаларында мықты практикалық дайындықтан өтуін қамтамасыз етеміз. Колледжді бітіргеннен кейін Сіз Университетте және Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Үздіксіз кәсіптік білім беру департаментінде оқуды жалғастыра аласыз.

Егер Сіз өзіңізді медицинаға арнауды шешсеңіз, біз Сізге айтулы білім алу үшін барлық жағдай жасауға дайынбыз!