Құрметті талапкерлер!

Қабылдау комиссиясы білім алушыларды қабылдау шараларын ұйымдастырады: колледжге оқуға келген талапкерлердің құжаттарын қабылдау, қабылдау емтихандарын өткізу және олардың оқуға қабылдану барысын жүзеге асыру.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:

Дүйсенбі09:00 – 18:00
Сейсенбі09:00 – 18:00
Сәрсенбі09:00 – 18:00
Бейсенбі09:00 – 18:00
Жұма09:00 – 18:00
Сенбі09:00 – 18:00
Жексенбі09:00 – 13:00

Құжаттарды қабылдау 15 маусымнан басталады

Біздің медициналық колледжге оқуға түсу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Оқуға қабылдау туралы өтініш
2. Жекекуәлік / туу туралы куәлік және ата-анасының жеке куәлігі
3. Орта білім туралы Аттестат
4. ҰБТ немесе КТ сертификаты
5. 3х4 см. көлемді 8 фотосурет
6. № 086 үлгідегі медициналық анықтама флюросурет қосымшасымен (I-II топ және бала кезінен мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы)
7. № 063 екпе анықтамасы
8. ЖСН
9. Тіркеукуәлігі (ер балалар үшін)

11-сынып негізінде, ҰБТ сертификаты жоқ талапкерлер үшін келесі пәндер бойынша тестілеу түріндегі емтихан өткізіледі: қазақ тілі емесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, биология немесе химия.
9-сынып негізінде,келесі пәндер бойынша емтихандар өткізіледі: биология, қазақ тілі немесе орыс тілі – тестілеу.
Оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасы заң намасында, сонымен қатар Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық келісімдерде белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Байланыс ақпарат:
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ:
Телефон: +7 (727) 272-38-84, +7 (727) 272-47-03, +7(705) 247-03-43
Электронды пошта: info@krmc.kz
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 75