СТУДЕНТТІК КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер
      ҚРМК студенттік өзін-өзі басқаруы студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы жастар саясатының тұжырымдамасына және даму стратегиясына сәйкес құрылды.
      Колледждің студенттік өзін-өзі басқару колледж Жарғысын, Студенттік өзін-өзі басқару туралы бекітілген Ережені және басқа нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып құрылды.
    2. Негізгі міндеттері
      Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері:

      • Студенттердің азаматтық ролін арттыру;
      • Қазақстан Республикасының жастар саясатын іске асыру;
      • Оның өз тағдырын өзі шешуге және өмірлік құндылықтарды таңдауға, оның толықтығы мен патриоттық рухты үйлесімді дамытуға қолдау көрсету;
      • Студент жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
      • Студенттік және студенттік өзара ықпалдастық проблемаларын бірлесіп зерттеу және шешу;
      • Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру: медициналық сала және өнер қайраткерлерімен кездесулер, зияткерлік ойындар өткізу, конкурстар мен басқа мәдени-бұқаралық шаралар байқауы;
      • Студенттердің профессорлық-оқытушылық құраммен және колледж әкімшілігімен кері байланысын орнату;
      • Студенттік бірлестік мүшелерінің колледждің мәдени-бұқаралық шараларына белсенді қатысуы және оған студенттерді тарту;
      • Студенттердің көзқарасы мен пікірлерін зерделеу, осы саладағы іс ережесі туралы әкімшілікке жедел хабарлау.
    3. Ұйымдық құрылымы
      Студенттік өзін-өзі басқару өзінің қызметін колледж басшылығымен және тәрбие жұмысы жөніндегі бөліммен үйлестіреді. Колледждің Студенттік кеңес төрағасы сабаққа үлгеретін, студент жастар және профессорлық-оқытушылық құрам арасында беделі бар студенттік кеңес активінің қатарынан 1 жылға жалпы дауыс берумен сайланады. Студенттік қоғамдық бірлестіктің жоғары органы жалпы жиналыс, атқарушы органы – төраға, төрағаның орынбасарлары және студенттік кеңестің мүшелері болып табылады. Студенттік кеңес мүшесі осы Ережені мойындайтын және оның талаптарын орындайтын колледж студенті бола алады.
    4. Функциялары
      Студенттік кеңес Студенттік өзін-өзі басқару туралы бекітілген Ережеге сәйкес әрекет етеді, студенттік бірлестіктердің негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      • Жұмыс жоспарын әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету;
      • Студенттердің мүдделеріне сай келетін әртүрлі шараларды өткізу бойынша ұсыныстар енгізу;
      • Оларды студенттердің бос уақытын ұйымдастыру мен әртүрлі шараларға қатысуға тарту;
      • Колледжде кездесулер, соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуді, белгілі ғалымдармен, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер мен дебаттар, тақырыптық және шығармашылық кештер және т.б. ұйымдастыру мен өткізу;
      • Аудандық, қалалық, республикалық семинарларға, конференцияларға, конкурстар мен басқа шараларға қатысу.
    5. Құқығы
      Студенттік қоғамдық бірлестіктер мүшелері құқылы:

      • Студенттік кеңестің басқару органы сайлауға және сайлануға;
      • Студенттік кеңес қызметіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
      • Студенттік кеңес қызметіне қатысты ақпарат алуға;
      • Колледждің ғылыми кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігіне, сондай-ақ колледж Жарғысына қайшы келмейтін өзге де құқықтарға.
    6. Жауапкершілігі
      Студенттік қоғамдық бірлестіктер мүшелері мыналар үшін жауапкершілік көтереді:

      • Колледждің Студенттік қоғамдық бірлестіктері туралы бекітілген ережені сақтау;
      • Қойылған міндеттерді уақытында және сапалы орындау;
      • Еңбек тәртібін сақтау, сақтауға қабылданған немесе өндірістік мақсатта пайдаланылатын мүліктің сақталуы;
      • ҚР заңнамасын, сондай-ақ осы Ережеде қарастырылған нормаларды сақтау.
    7. Таратылуы
      Студенттік қоғамдық бірлестіктерді тарату колледж директорының бұйрығы бойынша ғылыми кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.

Студенттік кеңестің құрамы

Студенттік кеңес Президенті

Жұмаділ Дидар

Ол – «Емдеу ісі» қазақ бөлімінің екінші курс студенті. Оқудан бос уақытта музыкамен және өлең жазумен айналысады, ҚРМК студенттерінің шығармашылық қатарда болушылығын кезекті рет дәлелдеген.

Студенттік кеңес Президентінің орынбасарлары:

Левашова Анастасия

«Емдеу ісі» орыс бөлімінің бірінші курс студенті. Сабақтан тыс модельдік бизнеспей айналысады, халықаралық жобаларға және түсіру процестерін қатысады.

Әлімбек Ыбырай

«Емдеу ісі» қазақ бөлімінің екінші курс студенті. Сабақтан бөлек монологтар оқумен айналысады, концерттік бағдарламалар жүргізушісі, өлең жазады.

Студенттік кеңес алты сектордан тұрады: ғылыми, оқу, спорт, мәдени-бұқаралық, «Бітіруші» секторы және редакциялық алқа.