В Казахстанско-Российском медиицинском колледже была проведена неделя языков, приуроченная к празднованию дня Независимости нашей страны. По этому поводу преподаватель казахского языка и литературы Даниярова Айгерим подготовила статью на казахском языке:

«Тіл мерейі ел мерейі»

Еліміздің  тұтастығы, асыл қазынамыз, ұлтымыздың биік тұғыры ‒тіл дей отырып, Қазақстан-Ресей Медициналық колледжінде 1-желтоқсан алғашқы Президент  күніне орай,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Дегембаева Саян Мұхтарханқызы және Даниярова Әйгерім Даниярқызының ұйымдастыруларымен «Тіл мерейі –ел мерейі»атты тілдер апталығы өткізілді. Осы апталықта студенттерге қойылған міндеттердің бірі- мұражайларға барып, эстетикалық талғамдарын байыту, қазақтың салт-дәстүрімен танысу болды. Студенттер «Менің Президентім» атты эссе жазуға қатысты. Тілдер апталығының ауқымды бөлігінің бірі «…Тілім менің, тас жүректі тіліммен тілімдедім» атты мәнерлеп оқудан байқау өткізу болды.Әділқазылар алқасы болып колледж директорының оқу ісі және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Шармұханбет Салтанат Русланқызы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдиева Ляззат Рахымбердіқызы, бөлім меңгерушісі Журунов Жақсылық Омарханұлы тағайындалды.  Байқауда бас жүлдені «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 1 курс студенті  Скокова  Алина жеңіп алды.  Бірінші орынды «Емдеу ісі» мамандығы бойынша 1 курс студенті Абдримов Радулин алды. Ал екінші орынды «Фармация» мамандығы бойынша 1курс студенті Низамдинова Калбинур иеленді. Үшінші орынды «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша 1курс студенті Гейдарова Севда алды. Бұл іс-шараға колледждің барлық тілде сөйлейтін студенттері ат салысты. Апталықтың алға қойған мақсаты жастардың мәдени дамуын қалыптастыру, жан-жақты дамыту,  тілдің үштұғырлылығын насихаттау болды. Мемлекеттік тілді білу әрбір қазақстандық азаматтың міндеті. Бұл іс-шарада колледж жастары тілдерді білуге, үйренуге құштарлықтарын танытты. Өзге тілді студенттер қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын шеберлікпен мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, орыс, шетел жазушыларының шығармаларын да орыс, ағылшын  тілдерінде   орындап шықты.

Тағы да бір апталықтың талабы «Экспо-2017» көрмесімен студенттердің қаншалықты таныс екендіктерін білу мақсатында үнқағаз шығару жүктелді.  Бұл шараны да жастар ынтамен орындап шықты.  «Емдеу ісі»  211 топ «үздік» үнқағаз номинациясын   жеңіп алды, ал  «Мейірбике ісі»  109 топ«жақсы» үнқағаз номициясын иеленді. Эссе жазудан «Мейірбике ісі» 2 курс студенті  Балтабай Мөлдір озып шықты.

Қазақстан-Ресей Медициналық колледжінің директоры, әлеуметтік ғылымдар кандидаты Жакенова Қарлығаш Аманбекқызы студенттерге құттықтау сөзін арнап, қатысушыларды марапаттады.  Сонымен,апталық «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тілге арналған іс-шарамен қорытылды. Бұл іс-шарада студенттер өздерінің өлеңдерін мемлекеттік тілде оқып, ән салып, би биледі. «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»деген  Елбасының сөзін Қазақстан жастары әрқашан  жүзеге асыруда.